Биылғы бюджеттен туризм және бұқаралық спорт саласын дамытуға қосымша 3,6 млрд. теңге бөлінетін болады

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат  - 2012 жылғы республикалық бюджеттен туризм және бұқаралық спорт саласын дамытуға қосымша 3,6 млрд. теңге бөлінетін болады.

Бұл туралы  «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылып отыр.

«Оның ішінде Астана қаласының республикалық велотрегін салу бойынша міндеттемелерін төлеуге 1,6 млрд. теңге бөлінетіні қарастырылып отыр. Бұдан басқа, республикалық туризм жүйесі негізінде, сонымен бірге Алматы қаласының таулы шаңғылы аймағын, Бурабай курорттық аймағын, Кендірлі және Шығыс Қазақстан облысындағы жетекшілік консалтингтік компанияларды тарта отырып, туризмді дамытудың жүйелі жоспарын әзірлеуге 1,3 млрд. теңге жұмсау көзделеді», - дейді Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, 2012 жылғы бюджетте әртүрлі шұғыл және жедел іс-шараларға уақытылы ден қою үшін Үкімет резервін 32,5 млрд. теңге сомаға ұлғайту ұсынылып отыр. Ал еліміздің сыртқы саясат саласында ағымдағы жылғы бюджеттен қосымша 2 млрд. теңге қарастырылады.