Жергілікті орындарда 129711 адам немесе 87,3 пайызы емдеуге жатқызылып, алдыңғы жылдың көрсеткішінен 6,1 пайызға асып түсті. Емдеуге жатқызудың жоғары көрсеткіштері Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында тіркелді.
Ауылдық жерлерден келген науқастарды емдеуге жатқызу көлемі - 43,7 пайызды құрады, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3,1 пайызға артық.
Статистиканың көрсеткіштері бойынша қазақстандықтардың көп бөлігі, яғни 84,6 пайызы жергілікті ауруханаларда емделуді қалайды екен. Республикалық ауруханалар мен Ғылыми зерттеу институттарды науқастардың 14,1 пайызы, аймақаралық деңгейдегі ауруханаларды науқастардың 1,4 пайызы таңдады.
Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі бола тұрып «Емдеуге жатқызу Бюросы» қазіргі таңда стационар, аурухана мен науқастар арасындағы орталықтанған байланысты қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің қол жетімділігін және ашықтығын қамтамасыз етіп, сонымен қатар науқастарға медициналық ұйымдарды өз еркімен таңдау мүмкіндігін береді.
«www.bg.eisz.kz» сайтында қазақстандықтар ауруханалардағы бос орындар жайлы ақпаратты және өз кезегін бақылай алады.