Биылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызды құрады

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 11 айында елімізде Жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызды құрады.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Белгілі болғандай, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-қарашада өткен жылдың сәйкес мерзімімен саластырғанда 105,1 пайызға жетті.

Биылғы 11 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5182,1 млрд. теңгені құрап, былтырғы тиісті кезеңге құарағанда 8,7 пайызға артық болды.