Биылғы қаңтар-наурызда АХАТ органдарында 11 613 ажырасу тіркелді

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар-наурызында АХАТ органдарында 11 613 (2012ж.- 10898) ажырасу тіркелді. 2012 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда олардың саны 6,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Ажырасулардың абсолюттік санының некелер санындай артуы, халық санының өсуіне байланысты. Ажырасулардың 1000 адамға шаққандағы жалпы коэффициенті 2,8-ді құрады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 100 тіркелген некеге 34 ажырасудан болды.

Алдыңғы жылдардың бірінші тоқсанында 100 тіркелген некелерге сәйкесінше: 2012 жылы - 33, 2011 жылы - 32, 2010 жылы - 34, 2009 жылы - 33, 2008 жылы- 30, 2007 жылы - 31 ажырасулардан келді. Соңғы 7 жылда ажырасулардың орташа саны 100 тіркелген некелерге 33-ті құрап, көрсеткіштің тұрақты динамикасын көрсетеді.

Егер 2012 жылдың бірінші тоқсанында 100 қиылған некелерге - 33 ажырасудан болса, сондай-ақ 2011 жылдың бірінші тоқсанында ажырасулар саны 33, екінші тоқсанында - 33 (34), үшінші тоқсанында - 29 (26), төртінші тоқсанында - 29-ды (23) құрады.

«2012 жылы ажырасулардың орташа көрсеткіші - 31-ді құрап, өз кезегінде бұл көрсеткіштің мезгілдік ауытқуын көрсетіп отыр. Ол аталған немесе өзге жылдың 3-4 тоқсанында тіркелген некелердің жоғарғы үлесіне байланысты. Осылайша, біз ағымдағы жылы «рекордты» ажырасулар саны тіркелді деп айта алмаймыз»,-делінген агенттік мәліметінде.

Бір қарағанда, көбінесе БАҚ-тарда көрсетілгендей әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталатын сияқты. Алайда, бұл қате тұжырым, өйткені осы ажырасуларда қарастырылып отырған кезеңдегі ғана емес, одан ертеректе тіркелген некелерден ажырасқандар да бар. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында тіркелген 11,6 мың ажырасудың 44-і ағымдағы жылы тіркелген некелерге тиесілі (яғни 34 мың некенің ішінен). Өткен жылы тіркелген 48,5 мың ажырасудың ішінде тек 3 мың ажырасу ғана 2012 жылы тіркелген некелердің үлесінде.

2012 жылы бір жылға дейінгі бұзылған некелер ұзақтығы бойынша ажырасулардың үлесі - 10,2%, 1-4 жыл - 30%, 5-9 жыл - 24,9%, 10-14 жыл - 11,5%, 15-19 жыл - 9,2%, 20 жыл және одан астам - 14,2% деңгейінде қалыптасты.