Өз баяндамасы барысында Қайрат Төребаев Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қатынастар оң динамикасымен ерекшеленетіндігін және болашағының зор екендігін атап өтті. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Австрия арасындағы сауда айналымының көлемі 1407,2 млн.АҚШ долларын құрады.
«Қазақстанның Австрияға экспорт көлемі 2013 жылғы қаңтар-сәуір айларында 1310,3 млн.АҚШ долларына жетті. Австриядан Қазақстанға импорт көлемі 2013 жылғы қаңтар-сәуір айларында 96,9 млн.АҚШ долларын құрады»,-деп хабарлады ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен.
Іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу соңында қазақстандық тарап австриялық тарапқа Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу секілді Қазақстанның халықаралық бастамаларына белсенді қатысқандықтары үшін, сондай-ақ, «ЕХРО - 2017» халықаралық көрмесін өткізу мақсатында Астана қаласының кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін ризашылық білдірді.