АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында 87,7 мың неке тіркелді.
Олардың саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 9-ды құрады. 27,9 мың ажырасулар тіркеліп 8,9 пайызға өсті. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 2,9-ды құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.