Биылғы қаңтарда еліміздегі тұрғын үй нарығында сауда келісімшарттары 10 мыңға жуықтады

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу және сату бағытында тіркелген мәмілелердің саны 9 899-ды құрады.

Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 29,6 пайызға азайды.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда 7,5 пайызға өсті.