Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы қаңтарда 90,5 мың адам қабылданды, сондай-ақ түрлі себептермен 77,2 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 76,4 пайызды, ал қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 6,3 пайызды, басқа себептер бойынша 17,3 пайызы құрайды.
2012 жылғы қаңтар айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,9 пайызға, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,5 пайызға, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 1,9 пайызға жетті. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 117,3 пайызды құрады.