«Шалғайда орналасқан бригадалардың командирлері онлайн режимінде телевизиялық байланыс арқылы тыңдалды, ал орталық өңірдегі бөлім командирлері тікелей аттестаттау комиссиясының отырысында есеп берді. Командирлерді бағалау кезінде жауынгерлік даярлықтың сапасына, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйіне, олардың қарамағындағы бригадалардағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне үлкен назар аударылды. Осы көрсеткіштерді бағалаудың рейтингтік жүйесі аталған бағыттар бойынша командирдің жұмысқа қосқан жеке үлесінің нақты толық сипатын береді», - деп хабарланды ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде. Атап айтқанда, осы жүйе қолданғалы бері Құрлық әскерлерінде анағұрлым лайықты батальон, дивизион командирлерінің қолынан бүгінде бригада командирлері лауазымында тұрған көптеген дарынды және сауатты әскери басшылар шыңдалды. Жалпы алғанда, аттестаттау көрсеткендей, Құрлық әскерлері құрамалары мен бөлімдерінің басшылық құрамының адамдардың басын біріктіретін, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ете алатын қажетті білімі, тәжірибесі және көшбасшылық қасиеттері бар. Одан басқа, аттестаттау әрбір бригада командиріне алдағы уақытта қорғаныс қабілетін арттыру үшін қажетті кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетті. Еске сала кетсек, биылғы жылы Қарулы Күштер офицерлер корпусының жоспарлы аттестаттауы 2015 жылғы қаңтардың 12-і мен қарашаның 1-і аралығында екі кезеңде өтетін болады. 2015 жылғы қаңтардың 12-і мен маусымның 1-і аралығында батальон (дивизион), бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары лауазымдарындағы әскери қызмет өткеріп жатқан офицерлер, екінші кезеңде 2015 жылғы маусымның 1-і мен қарашаның 1-і аралығында барлық қалған офицерлер құрамы аттестаттаудан өтеді.
14:35, 18 Маусым 2015
Биылғы қарашаға дейін әскери офицерлер құрамы аттестаттаудан өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Құрлық әскерлерінде офицерлер құрамын аттестаттау жалғасуда. Бас қолбасшының бірінші орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергеновтің басшылық етуімен Құрлық әскерлері бригадаларының командирлері аттестаттау комиссиясынан өтті.