Биылғы қаржы алдымен басымды бағыттар бойынша беріледі - «ҚазАгро» xолдингі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен баспасөз мәслиxатында «ҚазАгро» xолдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұxамадиева көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыру шаралары жайында айтып берді , деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ағымдағы жылда егістік алқаптарын әртараптандыруға негізгі басымдық беріледі. Аталған міндет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да көрсетілген. Осыған байланысты сәуірдің 1-іне дейін алдымен күнбағыс, рапс, зығыр, соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп сияқты дәнді-дақылдар бойынша өтінім қабылданып, қаржыландыру шаралары жүргізілді. Қазіргі кезде басқа дақылдар бойынша өтінімдер қабылданып жатыр.

«Келіп түскен өтінімдерге сәйкес, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің рапс, зығыр, арпа және күріш егуге қызығушылықтары артып отырғаны байқалады. Сонымен бірге, тауар өндірушілердің үш басым дақылға деген белсенділігі төмен болуын атап өту қажет, ол - қант қызылшасы, мақта және астық жүгерісі. Аталған бағыттарды қаржыландыру жұмыстары қойылған жоспарға жеткенге дейін жалғасады», - дейді Мұxамадиева.

Ағымдағы жылы бюджеттен бөлінген ақша қаражаты тікелей Аграрлық несие корпорациясына түсті. Қаржыландыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Біріншіден, екінші деңгейлі банктер арқылы, ондайда қарыз алушылар үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылдық 5 пайызды құрайды.

Екіншіден, несие серіктестіктерін, аймақтық инвестициялық орталықтарды, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы, аталған бағытта ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме жылдық 6 пайыз болады.

Үшіншіден, корпорация жылдық 2 пайызбен екінші деңгейлі банктің кепілдігімен тікелей несиелендіре алады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін банктің кепілдік құнын есепке алғанда шамамен жылдық 6 пайыз шығады.