Биылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 105 905 теңгені құрады - ҚР Статистика агенттігі

None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 105 905 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы қыркүйекке қарағанда 106,1 пайызды, ал нақты жалақы индексі 100,7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігенен хабарланды.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 207,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 201,0 мың теңге (1,9 есе), сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметінде - 177,4 мың теңге (1,7 есе) көлімінде белгіленді. Ең төменгі жалақы білім беруде белгіленді - 67,0 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 36,8 пайызға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында байқалды - 188,0 мың теңге, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 74,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,8 пайызға төмен.