Биылғы қыркүйекте экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

None
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қыркүйекте инфляция 0,6 пайызды құрады. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, өнеркәсіпте баға бір ай ішінде 3,4 пайызға, ауыл шаруашылығында - 2,7 пайызға, көтерме саудада - 2 пайызға, құрылыста - 0,5 пайызға  жоғарылады.

Жүк көлігімен тасымалдау тарифтеріне, заңды тұлғаларға көрсетілген почталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне өзгеріссіз қалды.