11:17, 10 Сәуір 2009
Биылғы «Ломоносов - 2009» конференциясы Елбасының идеясына арналып отыр
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының ұйымдастыруымен студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов - 2009» V Халықаралық ғылыми конференциясы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өткізіліп отырған ғылыми мәжіліске Ресей, Украина және еліміздің жоғары оқу орындарынан, барлығы 48 университеттен 400-ге жуық баяндама ұсынылып отыр. «Биылғы «Ломоносов - 2009» конференциясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеясына арналып отыр. Себебі осыдан 15 жыл бұрын ол М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразияшылдық идеясын жария етті. Оның бастамасымен Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы ашылды. Сондықтан біз биылғы ғылыми мәжілісімізді аталған мерекелі датаға арнап отырмыз», - деді конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович.