Биылғы мамырда жұмысқа 82 мың адам қабылданды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы мамырда ірi және орта кәсiпорындарға, сондай-ақ ұйымдарға 82,5 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 79,5 мың адам жұмыстан кетті.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 82,1%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 2,4%, басқа себептер бойынша 15,5% құрайды.

Ағымдағы жылғы мамырда жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,5%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 2,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 103,7% қамтыды.