«Астық жөніндегі халықаралық кеңестің болжамы бойынша, биылғы маркетингтік жылы әлемде астықтың жалпы жиынтығы 26 млн. тоннаға, сауда 4 млн. тоннаға, сондай-ақ түпкі қордың деңгейі 5 млн. тоннаға төмендейді деп күтілуде»,-дейді Жауапты хатшы. Оның сөзіне қарағанда, астық дақылдары шығымының айтарлықтай төмендеуі Ресейде, Украинада, Канадада болмақ.
17:53, 16 Тамыз 2010
Биылғы маркетингтік жылы әлемде астықтың жалпы жиынтығы 26 млн. тоннаға төмендейді деп күтілуде
АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы маркетингтік жылы әлемде астықтың жалпы жиынтығы 26 млн. тоннаға төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман айтты.