2011-2012 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беретін 804 дербес мекеме және 88 филиал жұмыс істейді. Оқу орындарының жалпы санының 310-ы кәсіптік лицейлер, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көбейді. Колледждер саны өткен жылғыдай 494 болды. 58,2 пайызы немесе 468 оқу орны мемлекеттік болып табылады, оларда 350,7 мың адам оқиды.
Оқушылардың жалпы саны 601,8 мың адамды құрады, оның ішінде 280,7 мың адам немесе 46,6 пайызы - қыздар. 2010-2011 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 0,4 пайызға қысқарды. Оқушылардың жалпы санынан 59,8 пайызы - негізгі орта білім беру негізінде, 38,6 пайызы - жалпы орта білім беру және 1,6 пайызы - кәсіптік лицей негізінде оқиды. Күндізгі оқу нысандарында оқушылардың 78,7 пайызы оқиды, кешкі және сырттай - тиісінше 0,7 және 20,6 пайызы тәлім алады.
Мемлекеттік тілде оқитын оқушылар санының өсу үрдісі сақталуда. Оқушылардың жалпы санының 53 пайызы немесе 318,8 мың адам қазақ тілінде оқытылады. Ал қалғандары үшін сабақтар (2010-11 оқу жылының басына - 51,7% немесе 312,5 мың адам) орыс (281,6 мың адам немесе 46,8%), өзбек, сондай-ақ ұйғыр тілдерінде жүргізіледі.
Республиканың техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында 39,5 мың оқытушы мен 6 мың өндірістік оқыту шеберлері жұмыспен қамтылды. Әйелдердің үлес салмағы тиісінше 73,5 пайыз және 46,1 пайызды құрады. Педагог қызметкерлердің жалпы санының 34,1 мыңы немесе 86,4 пайызы оқу орындарының штатында тұрады, қызметті қоса атқарушылық шартымен 13,6 пайызы қабылданды. 9,9 мың оқытушы мен 0,6 мың өндірістік оқыту шеберлерінің жоғары санаты бар, бұл олардың жалпы санынан, тиісінше 25,1 пайыз және 9,8 пайызды құрайды. Оқытушылардың 93,4 пайызы және өндірістік оқыту шеберлерінің 46,2 пайызы жоғары білімді.
Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар ғимараттарының жалпы ауданы 2011-2012 оқу жылының басына 4889,1 мың шаршы метрді құрады, одан 95,4 пайызы оқу орындардың жекеменшігі болып табылады.