Биылғы пітір садақа мөлшері белгіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгіленді, деп жазады www.muftyat.kz.

Мәжіліс мүшелерінің, яғни, ғұлама-ғалымдар мен өкіл имамдардың бірауыздан дауыс беруімен 2016 жылы берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді.

Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап, ораза айт мерекесіне дейін беріледі.