Биылғы сәуірде кәсiпорындар мен ұйымдарға 87,4 мың адам қабылданды - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы сәуірде ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 87,4 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 79,2 мың адам жұмыстан кетті. «Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 80,4%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,6%, басқа себептер бойынша - 16,0% құрайды»,-делінген Статистика агенттігінің мәліметінде.

Биылғы сәуірде қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,7%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,5%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 110,3% құрады.