Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Литва атынан келген xалықаралық байқаушы, Литва Сеймінің депутаты, ЕКПА-дағы Литва делегациясының мүшесі Гедиминас Якавонис осындай пікір білдірді.
"Қазір сайлау барысында Сіздердің мемлекеттеріңіз болашаққа, келешек басымдықтарға маңыз беріп келе жатқандығын байқауға болады. Мемлекетте ұзақмерзімді стратегия бар. Бірінші кезекте ол - 2050 стратегиясы. Ол әлемдегі дағдарыс жағдайынан тиімді шығудың шешімін береді. Ал биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі", - деді ол.