Биылғы тамыздың тамашасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фэншуй танымы бойынша жаңадан кірген тамыз айы ерекше болғалы тұр. Биылғы тамызда 5 жұма, 5 сенбі, 5 жексенбі бар екен. Бұл - 823 жылда бір рет қайталанатын құбылыс, деп жазады express-k.kz.

Шындығында, мұндай ерекшелік тек, қытай күнтізбесі бойынша ғана. Ал Григориан күнтізбесінде осыған ұқсас жағдай жиі кездеседі. Мысалға, 2011 жылдың шілдесінде, 2010 жылдың қазан мен қаңтарында аптаның соңғы күндері дәл осылай 5 реттен болған. Бірақ, мәселе мұнда емес екен. Фэншуй зерттеушілерінің айтуынша, бұл айда кездесетін ерекшеліктің басты сыры - адамның қаржылық табысты болуында. Яғни, тамыз айындағы өзгерісі бар биылғы жылдың 19 маусымы мен 2 қарашасы аралығында мол табысқа кенелуге болады. Сонымен қатар, мұндай ерекше ай кездескен жылы данышпан адамдар дүниеге көп келеді екен.