ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Биылғы түсімнен 10 млн. тоннадан астам астықты экспорттай аламыз. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Республиканың ішкі тұтыну көлемін қанағаттандыруға қажетті астық көлемін алып тастағанда экспорттық әлеует 10 млн. тоннадан астамды құрайды. Бұл орайда Қазақстан астығының дәстүрлі импорттаушылары Орталық Азия елдері, Ауғанстан және Иран шамамен 6 млн. тонна Қазақстан бидайын импорттай алады»,-деді ол.
Министрдің атап өтуінше, қалған 4 млн. тонна астық Балтық және Азов-Қаратеңіз бассейні арқылы экспортқа шығарылмақ.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.