Биылғы жарты жылда шаруашылықтардағы мал басы 22,8 пайызға өсті - Үкімет отырысы

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Биылғы жарты жылда шаруашылықтардағы мал басы 22,8 пайызға өсті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. «2012 жылы шаруашылықтардағы мал басы 20,1 пайызға өсті, ал 2013 жылғы қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 22,8 пайызға артты. Сонымен қатар, 2009-2012 жылдар аралығында агрошаруашылықтарда ірі қара мал басының жалпы көлемінде аналық мал басының үлесі 37,2 пайыздан 43,9 пайызға дейін өсті», - деді министр.

Оның пайымдауынша, саладағы аталған үдеріс әлі де жеткіліксіз. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы саласына инвестицияның төмен деңгейі тежеуіш фактор ретінде әсер етуде.