Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2010 жылдың алғашқы алты айын қорытындылаған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Оның айтуынша, соның нәтижесінде 12 мың жұмыс орны құрылған. Осы орайда Ә.Исекешев министрліктің екінші жартыжылдықта алдында тұрған міндеттерге тоқтала келе, «біз Индустрияландыру картасының шеңберінде тағы 72 өндірісті іске қосуымыз керек», - деді.