Басқарма өкілдерінің айтуынша, қала бойынша шіріген ағаштың саны 40 мыңға жеткен. Қазіргі кезде күн сайын олардың 200-300-і санитарлық өңдеуден өткізілуде. Оларды өңдеу, кесу науқаны қыркүйектің соңына дейін жүргізілмек. Бұл үшін қала қазынасынан 200 млн. теңге бөлінген.
«Қазіргі кезде қалада 1 млн. 400 мың ағаш бар. Бұлардың шіріп, құлағалы тұрған 4 мыңы биыл кесіледі. Олардың орнына көгалдандыру мекемесі үйеңкі, емен, шаған сынды жапырақ тұқымдас және қылқан жапырақты 27 мың түп ағаш отырғызады. Құлағалы тұрған ағаштар адамдар өмірі үшін өте қауіпті. Көпшілігі жап-жасыл болып көрінгенімен, іштері қуыс. Кез-келген сәтте құлап кетуі ықтимал. Сондықтан кесу жұмыстары қолға алынды»,- дейді қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Эльдар Келдібаев. Оның айтуынша, қалған ағаштар жыл сайын кесіліп, ауыстырылып отырылады.