«Жалпы халықты еңбекпен қамтамасыз ету аясында 2009 жылы 5 мың 200 жоба жүзеге асырылып, бұған бюджеттен 191,5 миллиард теңге жұмсалды. Сонымен қатар, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 145 миллиард теңге жұмсау көзделіп отыр. Қазанның 1‑індегі жағдай бойынша бұл бағытта 2 мың 633 жоба аяқталды. Бұл «Жол картасы‑2010» бағдарламасы аясында жоспарланған жобалардың 74 пайызын құрайды», ‑деді Г.Әбдіхалықова.
Министрдің айтуынша, «Жол картасы» аясындағы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 390 мың жұмыс орны ашылған. «Бұл ретте қысқа мерзімді кезек күттірмейтін шара ретінде «Жол картасы» өзін‑өзі ақтады деп айтуға болады. Дегенмен, ендігі күні орта мерзімдік және ұзақмерзімдік жоспарларға баса назар аударатын уақыт жетті», - деді министр.