Биылғы жылдағы Үкіметтің заң жобалау жоспары толық көлемде орындалды
11:34, 24 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылдағы Үкіметтің заң жобалау жоспары толық көлемде орындалды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Әділет министрі Берік Имашев мәлім етті.
«Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында бастапқыда 53 заң жобасын әзірлеу көзделген болатын. Бүгінде жыл бойы енгізілген түзетулерді есепке ала отырып, жоспар бойынша 43 заң жобасын даярлау қарастырылды. Атап өтілген 43 заң жобасының ішінде үшеуіне Елбасы қол қойды және 32-сі Парламент Мәжілісіне енгізілді. Биылғы 18 желтоқсанда Үкіметте қалған 8 заң жобасы таныстырылды, сондай-ақ оларды ағымдағы жылдың соңына дейін Парламент Мәжілісіне енгізу күтілуде»,-деді министр.
Осы орайда ведомство басшысы заң жобалау жұмыстары жоспарының толық көлемде орындалғанын атап өтті.