Оның салдарынан 750-ден астам адам зардап шегіп, 329 адам қаза болды. Тілсіз жаудың салдарынан көз жұмғандардың 41-і - балалар. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің аға инженері Любовь Шапошникова мәлім етті.
Төтенше жағдайлар саласының өкілдері жыл басынан бері 1 мың 800 адамды құтқарған. Ал өрттің салдарынан келген шығын 3 миллиард теңгеден асты. Ал өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өрт оқиғаларының саны 20 пайызға, оның салдарынан келген материалдық шығын 17 пайызға өскен. Ал тілсіз жаудың салдарынан көз жұмғандар керісінше, 12 пайызға кеміп, жарақат алғандар 20 пайызға азайды.
«Сондай-ақ осы уақытта тұрғын үй секторында болатын өрттер санының төмендегенін атап өткен жөн. Мысалы 2010 жылдың 10 айында елде 10 мың 150 өрт оқиғасы болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 8 мың 323-ті құрап отыр. Айталық, отты жағу кезіндегі салақтық танытудың салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырау жағдайлары 44 пайызды, электр құрылғыларымен жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктердің салдарынан болған өрт 18 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ пештерді орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу 10 пайыздан асады. Тұрғын үй секторындағы өрт кезінде адамдардың қаза болуының себептері негізінен от жағу кезіндегі ұқыпсыздықпен байланысты»,-дейді Л.Шапошникова.
Оның сөзіне қарағанда, өрт оқиғаларының саны, әсіресе, қыс мезгілі жақындағанда арта түседі. «Республика халқының 60 пайызы қыс мезгілінде жылыту пешін қолданатынын ескерсек, пештерді орнатқанда және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын көптеген азаматтар өз үйлері мен туғандарының өміріне үлкен қатер төндіреді»,-дейді баспасөз қызметінің өкілі.