АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың алғашқы 3 айында инфляция тұрақты деңгейде сақталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен 3 айдың ішінде инфляция тұрақты деңгейде сақталуда. Наурыз айында тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуі 0,7 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен 3 жылдағы наурыз айындағы деңгейде сақталуда», деді агенттік төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, жылдың басынан бері инфляция деңгейі 2,9 пайызды құрады. «Осыған орай бұл көрсеткішті тұрақты деп айтуға болады», деді Ә. Смайылов.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.