Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жұмыссыздар 526,2 мың адамды, яғни 6,2 пайызға төмендеген. Бұл мәліметтерді бүгін «Шығыс Еуропа елдері мен ТМД-ға мүше мемлекеттерде инклюзивті рынокты дамыту» атты жобасының таныстырылу рәсімінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік әріптестік басқармасының бастығы Алма Салықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, ауылдық аймақ тұрғындарының арасындағы жұмыссыздық 5,9 пайызды құраса, жұмыссыз әйелдер саны 6,4 пайызға, жұмыссыз жастар 5,8 пайызға жеткен. «Ауылдағы жұмыссыздардың жайы туралы әңгіме қозғалған сәтте біздің министрлік БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен «Қазақстанның фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің арасында инклюзивті жобаларды дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды бірлесіп қолға алу жөніндегі меморандумға үлкен үмітпен қарайды. Инклюзивті рынок - қолданылмай отырған еңбек ресурстарын қоса алғанда жұмыспен қамту саласын интеграциялауға мүмкіндік беретін тиімді жүйе», деді басқарма бастығы.