Биылғы жылдың алғашқы үш айында ЖІӨ өсімі 2,9 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында еліміздегі жалпы ішкі өнім өсімі 2,9 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Болжамды бағалау бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында ЖІӨ 2,9 пайызға өсті», - деді ол. Сондай-ақ агенттік басшысы өткен жылғы еліміздің жалпы ішкі өнімі алдын ала деректер бойынша 6 пайызды құрағандығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, ЖІӨ-нің жалпы пайыздық көрсеткіші шілде-тамыз айларында еліміздегі барлық кәсіпорындар есеп-қисаптарын тапсырып, аудит жүргізілгеннен кейін нақты белгілі болады.