Биылғы жылдың бірінші тоқсанында экспорт өсіп, импорт былтырғы деңгейде қалды - Г.Марченко

None
АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2010 жылғы 1-ші жартыжылдықта еліміздің төлем балансын алдын-ала бағалау бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 5,7 миллиард АҚШ долларын құрады. 2009 жылғы 1-ші жартыжылдықта 3,5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі дефицитін көрсеткен еді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко айтты.

Бас банкирдің пікірінше, 2010 жылғы 1-ші жартыжылдықта орташа алғанда brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 77,67 АҚШ доллары болды, бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 49 пайызға жоғары. Бұның нәтижесінде тауарлар экспорты 2009 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 70,8 пайызға өсіп, 30 миллиард АҚШ долларына жуықтаған. 1-ші жарты жылдықта қазақстандық тауарлардың ресми экспорты 29,6 миллиард АҚШ доллары болды, оның ішінде 18,7 миллиард АҚШ доллары немесе 63 пайызы мұнай мен газ конденсаты экспортына тиесілі. Тауарлар импорты былтырғы жылғы деңгейде қалыптасты және 13,4 миллиард АҚШ долларын құраған. Оның ішінде ресми импорт 13,0 миллиард АҚШ доллары болған.