Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан экономикасының өсімі 8 пайыздан асты - Елбасы
12:19, 01 Шілде 2010
;АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан экономикасының өсімі 8 пайыздан астам көрсеткішке жетті.
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ІІІ Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан рецессияға жол бермеді, сондай-ақ экономиканың өсімін сақтап қалды. Атап айтқанда, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 8 пайыздан астам», деді Елбасы.
«Қаржы дағдарысы біз үшін нағыз сынақ болды. Бірақ, уақтылы және экономикалық жаңғырту стратегиясын жүзеге асырудың арқасында біз бұдан лайықты түрде шыға білдік», деп атап өтті Президент.