Оның айтуынша, тауарлар өндірісі 5,8% өсіп, көрсетілетін қызметтер 4% азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеген.
«Қызметтер саласындағы бұл төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты. Жылдық инфляция 6,8% құрады. Өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібінің 7%, кен өндірудің - 6, құрылыстың 5,5 және ауыл шаруашылығының 2,2% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Ал қызмет көрсету секторында көлік қызметтері 11%-ке, сауда – 8,9, әкімшілік қызметтерді көрсету – 4 және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 2,7%-ке төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6%-ке артты», - деді министр Үкіметтің қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырысында.
Карантин жарияланған бір ғана сәуір айында өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда көрсетілетін қызметтер секторы 17,5%-ке төмендеген. Атап айтқанда, сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету – 22,5%-ке және жылжымайтын мүлік бойынша жасалатын операциялар – 9,9%-ке төмендеді. Бұл төмендеу шектеулік карантиндік шаралармен байланысты.
«Сонымен бірге, қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 21 млрд. долларды құрады. Экспорт 4,2% ұлғайып, 13,9 млрд долларға жетті. Бұл ретте импорт 7,1 млрд. долларға дейін төмендеді. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9%-ке артты», - деді Р. Дәленов.