2010 жылы қазақстандық «Caspian Group»-пен бірге Қостанай қаласында металлды арматура шығаратын бірлескен кәсіпорын салу жөнінде шешім қабылданды.
Андрей Мирскийдің айтуынша, көп кешікпей қазақстандық арматура нарыққа шығады. Бұған дейін бұл өнімнің басым бөлігі шетелден әкелінетін. Енді 450 мың тонна көлеміндегі арматура Қостанайда өндірілмек. Аталмыш жоба Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Даму» қорының және «Даму» банкінің қолдауымен жүзеге асырылды. Бүгінде зауыттың құрылысы толығымен аяқталып, дайындық жұмыстары басталып кетті. «Қалыңдығы 10 дм-ден 40 дм-ге дейін жететін дайын өнім бар. Бірақ, оны нарыққа шығару үшін арнайы сынақтан, тексеруден және сертификаттаудан өткізуіміз қажет. Ең алғашқы өнімді биылғы жылдың маусым айында нарыққа шығаруды көздеп отырмыз. Дәл сол кезде барша сатып алушыларымызды өндіріс алаңына шақырып, сапасы жағынан өзге өнімдерден аспаса, кем түспейтін тауардың технологиясымен таныстырмақпыз»,- деді жоба жетекшісі.