Агенттік мәліметтеріне сәйкес, есепті кезеңде газ конденсатының өндірісі 11,182 млн. (-3,8%), табиғи газ -38,086 млрд. текше метр (+3,8%), көмір -107,737 млн. тонна (-1,6%) құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада бензин өндіру 2,453 млн. тоннаны құрады. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға аз. Тоқтала кететін жайт, есепті кезеңдегі газ өндірісі 4,658 млн. тонна (+8,9%), керосин -115,5 мың тонна (+41%), мазут -3,41 млн. тонна (-3,7%) құраған.
13:13, 13 Желтоқсан 2013
Биылғы жылдың он айында елімізде өндірілген мұнай былтырға қарағанда 4,5 пайызға артты - Статистика
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы мұнай өндірісі 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 63,459 млн. тоннаны құрады. Аталмыш көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің ай сайынғы есебінде хабарланған.