АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың үш айында электр энергиясын тұтыну 23,1 миллиард кВт/сағатты құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан алқа мәжілісінде Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы жылдың үш айында электр энергиясын тұтыну 23,1 миллиард кВт/сағатты құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылдың осы кезеңіне қарағанда 9,4 пайызға артық»,-деді вице-министр. Электр энергиясын өндіру 8,5 пайызға артып, 22,8 миллиард кВт/ сағатқа жетті.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы еліміздің электр стансыларында 78,4 млрд. кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бұл 2008 жылдың көрсеткішіне 98 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ 2009 жылы тұтынылған көлем 77,9 млрд кВт/сағатты құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.