Биылғы жылы Алматыда 24 000 ағаш отырғызылады - Гүлжазира Қажиақпарқызы

АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - 2010 жылғы іс-жобалар жоспарына сәйкес, биылғы жылы Алматы қаласында 24 000 ағаш отырғызылатын болады.

Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған дәстүрлі «Гүлдер. Ландшафт. Үй іргесіндегі шаруашылық - 2010» атты халықаралық гүлдер көрмесінің ашылу салтанатында Табиғи ресурстар басқармасының бас маманы Гүлжазира Қажиақпарқызы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аталмыш іс-шараның екі жарым мыңдайы бюджет қаржысына, жиырма бір мың жарымы өтемдік ағаш отырғызу есебінен жүргізілетін болады. «Сондай-ақ, біз осы жылы 100 000 шаршы метр жерге көгалдандыру жұмыстарын жүргіземіз, өткен жылы біз 60 000 шаршы метр жерге гүль еккен болатынбыз», деді Гүлжазира Қажиақпарқызы.