Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорданың әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
«2013 жыл бойынша қаламыздың жалпы ішкі өнімі 7 пайызға өсіп, 2 трлн. 700 млрд. теңгеден асады деп күтудеміз. Өнеркәсіп өнімі 230 млрд. теңгені құрайды. Орташа жалақы мөлшері 165 мың теңге болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық»,-деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, биыл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде олардың өндіретін өнімінің көлемі алғаш рет 1 трлн. 100 млрд. теңгеге жетті.