Биылғы жылы елімізде 98 миллион тонна көмір өндірілмек

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -2010 жылдың бірінші тоқсанында республикада 26,4 миллион тонна көмір өндірілді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан алқа мәжілісінде Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көмір өндіру қарқынын арттыру биылғы жылы да сақталып отыр. 2010 жылдың бірінші тоқсанында республикада 26,4 миллион тонна көмір өндірілді»,-деді Д. Тұрғанов.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылдың соңына дейін көмірді өндірудің болжамды көрсеткіші 98 миллион тоннаға жуық көлемге жететін болады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 94 миллион тоннаны құрады.

«Көмір өндіру кәсіпорындарының өнідірістік қуаты бүгінде көмірдің ішкі қажеттілігінн, яғни Қазақстанның барлық тұтынушыларын алдағы жылу мерзімінде қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие»,-деді Д. Тұрғанов.