Биылғы жылы республика бойынша ҰБТ сынақтарынан 43 түлек 125 балл алды

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы республика бойынша ҰБТ сынақтарынан 43 түлек 125 балл алды (2009 жылы 8 түлек ең жоғары балды жинады). Бұл туралы бүгін Астанада ҰБТ нәтижелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 25929 мектеп бітірген түлектер 100 балдан жоғары жинады. Ал 11597 түлек нәтижені 50 балға жеткізе алмады. Министрдің сөзіне қарағанда, биылғы жылғы ҰБТ ережелеріне сәйкес жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуге және гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажетті төменгі балл саны өзгертілді. Биылғы жылы ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейімдік пәнінен кем дегенде 7 балл, ал қалған пәндерден ең төмені 4 балл жинаған талапкерлер қабылданады.