Біз әлемдік энергетикалық нарықтағы кез келген өзгеріске дайын болуымыз керек - Ә.Исекешев

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Біз әлемдік энергетикалық нарықта орын алуы мүмкін кез келген өзгеріске дайын болуымыз керек. Бүгін «KAZENERGY» қауымдастығы кеңесінің 15-ші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай деді.

«Әлемдік энергетикалық нарық өте жылдам өзгеріске ұшырайды және мұның барлығы да Қазақстанда байыппен қайта қарауды талап етеді. Өйткені бізде бұл салаларға көбі тәуелді. Біз орын алуы мүмкін барлық өзгерістерге дайын болуға тиістіміз», - деді ол. Сонымен қатар Ә.Исекешев бүгінгі таңда Қазақстанда экономикалық даму бағытында зор жұмыстар атқарылып жатқандығын, оның қатарында ел өнеркәсібі дамуының басымдықты бағыттарын айқындайтын, 2015-2019 жылдар кеңезіне арналған индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасының әзірлену үстінде екендігін баса айтты.