деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция барысында сан алуан ғылым салалары бойынша оқулық әзірлеу, оның ішінде қазақ тіліндегі электрондық оқулықтарын дайындау мәселесі талқыланды. «Біздің бүгінгі ең басты міндет - қазақ тілінің ғылым тілі болатындығын дәлелдеу. Оны кезінде Алаш зиялылары дәлелдеп кеткен. Енді, осы үрдісті сақтап, ары қарай дамыту қажет. Әйтпесе, тілдің мүмкіндігін шектеп қойсақ, тағы біраз жылға қалып қоямыз. Сондықтан мемлекеттік тілдегі оқулықтарды шығару арқылы біз тілді дамытып қана қоймай, ана тіліндегі ғылыми әлеуеттің бар екендігін дәлелдеуіміз қажет», - дейді университеттің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Д.Қамзабекұлы.