Біз Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті табысты болатынына сенімдіміз - Пәкістан елшісі

None
ыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Пәкістан басшылығы Астанада өтетін ЕҚЫҰ Мемлекет басшыларының саммиті табысты болатынына сенімді. «Пәкістан өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және дамытудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалайды.

Біз алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті үлкен табыстарға жететіндігіне сенімдіміз», деді Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад Ахтар Туфаиль бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейінгі брифингте.

Елшінің айтуынша, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынас өзінің әлеуетін сарқыған жоқ. Бұл ретте Пәкістан жеке инвестицияның көптеп келуіне мүдделлі болып отыр.

Елші өз елінде болған сұрапыл су тасқыны кезінде зардап шеккен Пәкістан халқына көрсеткен көмегі үшін Қазақстанға алғыс айтты. «Біз Қазақстанмен индустрия, өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылымды дамытуда ынтымақтасқымыз келеді. Елшілік қызметім аясында екі жақты саяси және экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға күш салатын боламын», деді ол.