Бiз Астанаға тек жеңiс үшiн келдiк - «Вильярреал» бапкерi

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Вильярреал' командасы Астанадан үш ұпаймен қайтуға ниеттi. Бұл туралы бүгiн Астана Арена стадионында өткен баспасөз мәслихатында 'Вильярреал' клубының бас бапкерi Марселино Гарсия Тораль мәлiм еттi.

"Бiз үшiн бұл матчтың маңыздылығы өте жоғары. Матч өте ауыр өтетiнi сөзсiз. Ертеңгi ойында командамыз абыройлы нәтижеге қол жеткiзуге ниеттi", - дедi ол.

Бас бапкер қазақстандық футбол жайында көп ештеңе бiлмейтінін жеткiздi. Оның айтуынша, ол бұл елде ешқашан боламаған.

"Астана" футболшыларында бiраз басымдылық бар. Өйткенi Қазақстан чемпионатының қызған шағы - футболшылардың қуаты асып-тасқан нағыз ыңғайлы шақ. Сондықтан, менiңше, "Астаналықтар" ертең жоғары сапада ойын өрнегiн көрсетедi", - дедi ол.

Дегенмен Марселино Гарсия Тораль Қазақстаннан тек жеңiспен қайтатынына сенiмдi екендiгiн атап өттi.

"Астана" - мықты команда. Алайда бiз бұл ойыннан тек жеңiс күтемiз", - деп түйдi сөзiн бас бапкер.