«Біз жыл сайын осы бір әдемі мерекені асыға күтеміз. Биыл да жатпай-тұрмай дайындалып, бүгін міне, барша қазақстандықтармен бірге тойлап жатырмыз», - дейді ол.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев этноауылды аралау барысында поляктардың тұрмыс-салты көрсетілген нысанды да тамашалады.
«Бүгін де жылдағы сияқты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дәл біздің қасымыздан өтті. Біз ол кісімен амандасып, бірге ән айтып, би биледік. Сондықтан өте көңілді әрі бақыттымыз!», - дейді О. Пекарская.