«Бүгінде Қазақстанда осы түйткілді шешу жолында да біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Әрине, жетістіктер бар. Дегенмен, шешілмей жатқан мәселелер де жоқ емес», - дейді Қ.Ормантаев. Оның хабарлауынша, қазіргі кезде республика бойынша ана мен бала денсаулығы жайы медицина саласының 60 пайызын қамтиды. «Енді қараңыз, Қазақстанда 16,5 млн. халық бар. Оның 40 пайызы ауылда тұрады. Ал сол жерде болған азаматтар ондағы медицинаның жағдайын жақсы біледі ғой», - дейді ғалым.
Сондай-ақ Қ.Омантаев еліміздегі жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерінің жабылуына алаңдаушылық білдірді. «Қазіргі кезде Алматыда педиатр мамандар жетіспейді. Неонотологтардың жағдайы да қиын болып тұр. Жақында бір топ азаматтар осы мәселеге қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаевға хат жолдаған болатын. Оның көмегі болады деп сенеміз. Мен айтайын, біздің жасымыз келді. Енді, біз бастаған істі кім жалғастырады?», - дейді Қ.Ормантаев.