деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста журналистерге арнайы сұхбат берген Түркияның Мемлекеттік министрі Фарук Челиктің айтуынша, Қазақстан мен Түркия өкілдері бүгін үкіметаралық комиссия аясында 6-шы рет кездесіп отыр.
«Баршаға мәлім үкіметаралық комиссияның отырысы 2008 жылы Анкарада өткен болатын. Екі елдің мәжіліске жиналған делегация өкілдері қазірдің өзінде жұмыстарын жалғастыруда. Олар көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты түрлі салалар бойынша көптеген мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасуда. Ал ертең біз осы отырыстың қорытындысы бойынша арнайы хаттамаға қол қоямыз», деді Түркия өкілі.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Бүгінде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіруге қажетті заңнамалық мүмкіндіктердің барлығы бар. «Ал Қазақстан басшысының Түркияда болған соңғы сапарында мемлекеттердің стратегиялық әріптестік жөніндегі келісіміне қол қойылған болатын. Бүгін Қазақстанның Туризм және спорт министрінің қатысуымен өткен мәжіліс барысында біз бір-бірімізге өте қажетті пікірлермен алмастық. Бұл тұрғыда біздің еліміз қазақстандық әріптестерімен өзінің тәжірибесімен бөлісуге қашан да дайын екендігін айта кету керек. Біз бауырлас Қазақстанмен ықпалдасуға дайынбыз. Бұл ретте біз әсіресе қорғаныс, медицина саласындағы өнеркәсіпті дамыту, теңіз көліктері саласын жетілдіруге ерекше ықпал ете аламыз. Сондай-ақ біз осы елдегі өнеркәсіп аймағын қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибемізбен бөліссек деген ойдамыз», деді Түркия министрі.