Бұл туралы Минскіде бейсенбі күні өткен брифинг барысында Беларус Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Савиных мәлім етті.
Бұл өзгерістер сайлау үдерісінің әділ өтуі мен президенттікке үміткерлердің барлығына тең жағдай жасау үшін қолға алынған.
«Беларус тарапы ТМД, ЕҚЫҰ мен осы ұйымдарға мүше мемлекеттің барлығын сайлауды бақылауға дер кезінде шақырды. Сонымен қатар біз халықаралық бақылаушылардың санына да, олардың елде болу мерзіміне де ешқандай шектеу қоймадық», - деп атап өтті А.Савиных.
Сайлауды өткізуге дайындық барысы мен сайлаудың өтуін ТМД, ЕҚЫҰ мен парламенттік құрылымдардан келген 1000-нан астам халықаралық қадағалаушылар бақылады.
«Біз президентік сайлау қорытындылары жөніндегі ТМД миссиясының жақсы бағасын қабылдаймыз», - дейді баспасөз хатшысы.