АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз болашақта да Президентіміздің сенімді тірегі ретінде Ел мүддесі үшін адал қызмет етеміз. Бүгін ҚР Парламенті палаталары депутаттарының және Сенат пен Мәжіліс аппаратының қызметкерлерінің қатысумен өткен отырыста Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай деді.
Елбасы қос Палатаның осы жылдағы жұмысына бірнеше рет жоғары бағасын берді. Бүгін де тікелей құттықтауында ерекше ризашылығын білдіріп отыр. Бұл біз үшін зор абырой, сонымен қатар, үлкен міндет. Баршаңыздың атыңыздан Елбасына біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін және бүгінгі құттықтауы үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Біз болашақта да Президентіміздің сенімді тірегі ретінде Ел мүддесі үшін адал қызмет етеміз», - деді Қ.Жақыпов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.