Біз Димашты мақтан тұтамыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біз Димашты мақтан тұтамыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан Президентіненбүгінде Ресейде танымал қазақстандық рэп-орындаушы Әділ «Скриптонит»Жәлелов шығармашылығы туралы сұрады.

«Оны бірнеше реттыңдап көрдім. Алайда ұйып тыңдадым, бәрін түсіндім деп айта алмаймын. Бірақ түсінуге тырысып көремін», - дедіМемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президенттанымал әнші Димашты мақтантұтатынын атап өтті.

«Ол өзінің өнерімен әуелі қытайлық тыңдармандарын, кейін Ресейді тәнті етті.Кремльдегі съездер сарайында бірнеше концерт берді. Концерттерінің барлығыаншлагпен өтті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, «31 арнада»көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде отандық тауар өндірушілергеқолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтып берді.


Соңғы жаңалықтар